Токио Олимпиадасы 2021 жылы жазда өтуі мүмкін

Токио Олимпиадасы 2021 жылы жазда өтуі мүмкін

Коронавирус пандемиясына байланысы кейінге қалдырылған жазғы Олимпиада 2021 жылдың шілде айында өтуі мүмкін.

Жапония ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгінде Халықаралық Олимпиада комитеті және ұйымдастырушылар осы мәселе бойынша келіссөз жүргізуде. Және Олимпиаданы 2021 жылдың 23 шілдесіне белгілеу жайын талқылауда.

Жазғы Олимпиада ойындарының шегеріліуі Жапония үшін ауыр соққы екені анық. Ұйымдастырушылар төртжылдықтың басты жарыстарын өткізуге 12 миллиард доллар қаржы жұмсаған.

 

Фото: rbc.ru