Төтенше жағдайға байланысты iKOMEK109 қызметінің операторлар саны 2 есеге арттырылды

Төтенше жағдайға байланысты iKOMEK109 қызметінің операторлар саны 2 есеге арттырылды

Төтенше жағдайға байланысты iKOMEK109 қызметі тұрғындармен қала тіршілігін қамтамасыз етудегі барлық сұрақтар бойынша байланыс орнатудың, сондай-ақ коронавирус инфекциясы мен карантин мәселелері бойынша бірыңғай жедел желі ретінде жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«ТЖ кезінде біз операторлар санын көбейттік. Осылайша, ауысымына әдеттегідей 30 емес, 53 адам жұмыс істейді. Біз, сондай-ақ, байланыс арнасын кеңейттік. Енді күту режиміне 120 тұрғынға дейін ала аламыз»,- деді iKOMEK қалалық орталығының жетекшісі Жаннат Дубирова.

Айта кетейік, күн сайын iKOMEK орталығына 7 мыңнан 29 мыңға дейін өтініш келіп түседі.

«ТЖ жарияланғандықтан және бірыңғай байланыс орталығының жұмысына үлкен салмақ түскендіктен барлық тұрғындарды арнайы азаматтарға ыңғайлы болу үшін әзірленген цифрлық сервистерді пайдалануға шақырамыз. Оның қатарында, iKOMEK мобильді қосымшасы, әкімдік сайтында өтініш беруге арналған үлкен қызғылт сары батырма, iKOMEK телеграмм-боты және Smart Astana мобильді қосымшасы бар. Бірінші қоңырау шалғанда оператор жауап бере алмайтын сұрақтар тіркеліп, КВИ таралуын алдын алу жөніндегі жедел штабқа жолданады», - деп түсіндірді орталық жетекшісі.

 

Фото: old.elorda.info