Коронавирус ошағында әуе қатынасы қайта жанданды

Коронавирус ошағында әуе қатынасы қайта жанданды

COVID-19 вирусының таралу ошағы – Қытайдың Хубэй провинциясында жексенбі күні әуе қатынасы қайта жанданды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 25 әуе компаниясы 100-ден аса бағытта рейстер орындауға дайын. Билеттер сатылым ашылған бір күн ішінде сатылып кеткен. Әсіресе, Шанхай, Шэньчжэнь, Гуанчжоу, Ханьчжоу, Чунцин бағыттарына сұраныс жоғары.

Еске салсақ, Қытай аумағында коронавирустың таралуы күшейгендіктен, қаңтар айында Хубэй провинциясы көліктің барлық түрлері үшін жабылған болатын.

Ал 29 наурызда ел билігі коронавирус эпидемиясының аяқталғаны туралы жариялады. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің ресми өкілі Ми Фэн мәлімдеген.

Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) мәліметтеріне сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 82 мыңнан асады. Оның  75,5 мыңы (93%) аурудан айыққан, ал  3,3 мың адам көз жұмды.

 

Фото: korrespondent.net