Нұр-Сұлтан және Алматы виртуалды турлар үшін ТМД-ның үздік қалаларының тізіміне енді

Нұр-Сұлтан және Алматы виртуалды турлар үшін ТМД-ның үздік қалаларының тізіміне енді

Виртуалды турлар және сапарлар жасауға, музейлері мен көрікті орындарына онлайн экскурсиялар үшін ТМД-дағы ең үздік қалалардың рейтингі жасалды. Тізімді Минск, Алматы және Ташкент шаһарлары бастап тұр, деп хабарлайды ТурСтат туристік порталы.

Рейтинг іздеу жүйелерінде ұсынылған виртуалды экскурсиялардың санын зерттеу бойынша түзілген. Үздік ондыққа Достастық мемлекеттерінің астаналары және басты мәдени шаһарлары енді. Қазақстанның елордасы және Алматы  қаласы осы қатардан табылды. 

Онлайн-эксурсиялар бойынша ТМД-ның үздік 10 қаласы:

1.    Минск, Беларусь (661 000 сұраным).

2.    Алматы, Қазақстан (239 000).

3.    Ташкент, Өзбекстан (169 000).

4.    Витебск, Беларусь  (165 000).

5.    Бішкек, Қырғызстан (153 000).

6.   Баку, Әзербайжан (150 000).

7.    Ереван, Армения (149 000).

8.    Кишинев, Молдова (106 000).

9.   Нұр-Султан, Қазақстан (87 000).

10.  Душанбе, Тәжікстан  (50 000).

 

Фото: zerkalo-gazeta.com