Ұлттық банк «Жеңіске 75 жыл» монетасын айналымға шығарды

Ұлттық банк «Жеңіске 75 жыл» монетасын айналымға шығарды

Ұлттық банк Жеңістің 75 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады.

«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясына жататын номиналы 500 және 100 теңгелік теңгелік монеталар күмістен, мельхиор және нейзильбер қоспаларынан жасалған», деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Монетаның графикалық композициясының негізінде соғыс әкелген алапатты сипаттайтын қабырғаның бөлінген жарығы аясында совет жауынгерінің стильдендірілген бейнесі бар.

Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін совет жауынгерлері өмірлерінің нышаны іспеттес көгершіндердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген. Композицияның оң бөлігінде – қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғары бөлігінде – мерейтойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнеленген.

Монетаның дизайнына Қазақстан Ұлттық Банкі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізген «Жеңіс монетасын жаса!» жалпы республикалық конкурс жеңімпаздарының идеялары пайдаланылды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

«Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады», делінген хабарламада.

 

Фото: kapital.kz