Балалар ата-аналарымен бірге Абайдың 175-жылдығына арналған челленджге қатыса алады

Балалар ата-аналарымен бірге Абайдың 175-жылдығына арналған челленджге қатыса алады

#Абайдыоқытаңырқа – Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқудан челлендж жариялады.

Шараға қатысу үшін ата-аналар балаларымен бірге Абай өлеңдеріне бір минуттық видео түсіріп, аты-жөнін жазып және #ABAI175JYL #ABAI175LET хештегімен @modernastana  инстаграмм парақшасына жүктеуі тиіс. Ең көп лүпіл жинаған видео Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының ресми парақшасына жарияланады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елімізде төтенше жағдайлар орын алғаны баршаға белгілі. Дегенмен, еңсемізді түсірмей, Елордамыздың бүлдүршіндерін жаңа дүниені білмекке шақырамыз. Оқу-білім қашан да көкірек көзін ашатын рухани азық болып қала бермек», - делінген хабарламада.

Шара 15 сәуірге дейін жалғасады.