«Хабар» Агенттігі түсірген «Біз біргеміз» атты бейнебаян кеңге таралып, көптің көңілінен шықты

«Хабар» Агенттігі түсірген «Біз біргеміз» атты бейнебаян кеңге таралып, көптің көңілінен шықты

«Біз біргеміз!» Осындай ұрандатқан айдар тағып «Хабар» Агенттігі түсірген  бейнебаян әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің көңілінен шықты.

Ақын Сырым Әуезханның сөзіне жазылған әнші-композитор Ибрагим Ескендірдің әні төтенше жағдай кезінде халықтың қамы үшін алдыңғы шепте, күні-түні еңбектеніп жүрген мамандарды қолдау мақсатында арнайы жазылған.

Клип түбі бір бауырлас халықтардың арасында танымал болды. Әннің сөздері түрік тіліндегі субтитрлармен берілген. Қазақстандық бейнебаян барша әлемді дүрліктіріп, ащы тырнағын батырған қатерлі дертпен күрес кезінде  халықты сабырлы да шыдамды болып, өз басын қатерге тікпеуге үндейді. Бір ананың балаларындай ортақ мәселені шешу үшін жұмылуға шақырады.

 

Фото: 24.kz