Олимпиада алауының эстафетасы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды

Олимпиада алауының эстафетасы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды

Олимпиада алауының эстафетасы кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Токио 2020 ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

24 наурызда Халықаралық Олимпиада Комитеті және Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті жарыстың 2021 жылға қалдырылғаны туралы хабарлаған болатын. Осыған байланысты бүгін, 26 наурызда басталуы тиіс Олимпиада алауының эстафетасын кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Ұйымдастыру комитеті Токио 2020 Ойындарының жаңа кестесі жасалған соң эстафетаның мерзімі де белгіленетінін хабарлады.

 

Фото: news.myseldon.com