Қазақстанда #BizBirgemiz шарасы өткізілуде

Қазақстанда #BizBirgemiz шарасы өткізілуде

Қазақстанда «Біз біргеміз!» шарасы өткізілуде. Акцияның басты мақсаты – карантин кезінде адамдарға қолдау көрсету. Кез келген ел азаматы басқаларына қамқорлық таныта алады.

Қалалар мен облыстарда көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты қариялар үшін азық-түлік жиынтықтары дайындалады. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының алдын алу үшін аса қажетті антисептиктер мен бетперделер беріледі. Мейірімділік шарасын шаруалар да қолдап отыр. Олар халықты экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етпек. Кейбір кәсіпкерлер маска тігіп, тегін таратуда.

Ал Қарағанды облысында демеушілердің қаржысына COVID-19-ға шалдыққандарды тасымалдауға арналған екі капсула сатып алынды. Тағы да бір меценат инфекцияны тез анықтайтын экспресс тестер сатып алу үшін ауруханаға қаржы бөлді.

 

Фото: ekaraganda.kz