Дәурен Абаев: Президент тапсырмалары орындалады

Дәурен Абаев: Президент тапсырмалары орындалады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияда берген тапсырмаларының барлық пунктері орындалады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті.  

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы өте ауқымды шаралар туралы баяндады, деді министр.

«Мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектеседі. Ешкім қамқорлықсыз қалмайды. Президент сөзінің басты түйіні осы. Қазір журналистер мен азаматтардан келіп түсіп жатқан сұрақтардың басым көпшілігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының іске асырылуына қатысты. Осы ретте бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкіметтің отырысы өтті. Барлық министрлер мен әкімдер кеше Президент берген тапсырмаларды орындау бойынша жол карталарын жасайды. Осыған орай баршаңыздан түсіністік танытып, Үкіметтің нақты тетіктерінің жариялануын күтуді сұраймыз», - деп атап көрсетті министр.

 

Фото: baigenews.kz