Наурыз мейрамы – адамзаттың рухани құндылығы

Наурыз мейрамы – адамзаттың рухани құндылығы

Жер-жаһанды дүрліктірген COVID-19 қатерлі індеті Наурыз мейрамын кең көлемде ұлықтауға тұсау салды. Бұл жағдай 5 мың жылдық тарихы бар ең көне мейрамның маңызын жоғалтпайды.

Ол – бағзы заманнан тобықтай мұз, тоқымдай қар қалмай табиғаттың оянатын сәтін әйгілейтін мейрам. Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтау Тәңірлік танымнан бастау алады.

Адамзат тарихында жаңа жылды атап өту сонау Мысыр дәуірінен Еуропа, Патшалық Ресей, тіпті Рим империясы да осы уақытқа сай келгені белгілі. 

Түркі тілдес елдерде бұл мейрам қасиетті саналады. Бүгінде Қиыр Шығыстан Балқанға, Орталық Азия мен Кавказға дейінгі жерлерді мекен ететін 300 миллионнан астам адам тойлайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен Наурыз халықаралық мейрам дәрежесін алып, ЮНЕСКО-ның ұсынысымен адамзаттың рухани құндылығы деп танылғаны белгілі.

ҒАРИФОЛЛА ЕССІМ, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

- Наурызды бүкіл дүниежүзі тойлайтын жағдайға біз әлі келеміз, жетеміз. Қазіргі кезде жақсы тойланып жатыр. Бұның ешқандай дінге, ешқандай саясатқа қатысы жоқ. Бұл табиғаттың төл мейрамы. Осыны адамдар түсіне бастады. Түсінген сайын, оны мерекелейтіндердің қатары молаяды. Бұл тамаша мейрам.

 

Фото: yandex.kz