Олимпиада алауы Жапонияға жеткізілді

Олимпиада алауы Жапонияға жеткізілді

Олимпиада алауы жұма күні Грекиядан Жапонияның солтүстік-шығысындағы Мияги префектурасына жеткізілді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Ойындар шырағының Жапония аумағымен эстафетасы 26 наурызда Фукусимада бастау алуы тиіс. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты жергілікті билік тұрғындарға алау өтетін жолдарда көптеп жиналмауға кеңес берді. Ел үкіметі мен Токио басшылығы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартпақ емес. Олар коронавирус жарыстарға кедергі келтірмейді деп үміттенеді. Жапония тарапы Ойындарды көрерменсіз өткізуге немесе кейінге қалдыруға үзілді-кесілді қарсы. Олимпиада 24 шілде мен 9 тамыз аралығына белгіленген.

Атап өтерлігі, ресми мәліметке сай, бүгінде Жапонияда COVID-19 жұқтырудың 1600-ден аса оқиғасы тіркелген, 40 адам көз жұмған.

Фото: ribalych.ru