Шымкентте коронавируспен күрес бойынша арнайы штаб құрылды

Шымкентте коронавируспен күрес бойынша арнайы штаб құрылды

COVID-19-дың таралуының алдын алу мақсатында Шымкентте арнайы штаб құрылды. Оны қала әкімі Мұрат Әйтенов басқарады.

Штаб коронавируске қарсы шаралардың жүргізілуін қадағалап, қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тұрақтылығын сақтау бағытында жұмыс істейді.

Бірінші кезекте, шаһар басшылығы жергілікті тігін фабрикаларына көп рет пайдалануға болатын маскалар тігуді жолға қоюды тапсырды. Азаматтардың денсаулығы ерекше назарға алынған. Коронавирус жұқтыру оқиғалары анықталып жатса, қалада 170 орындық карантин орталығы дайын тұр. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында ашылған емдеу мекемелері де коронавируспен күрес шараларына үлес қосуға дайын.

ЕРБОЛ САДЫР, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы салаға инвесторлардың келіп, өздері емхана салып, халыққа қызмет көрсетіп, қызметтің сапасына көтеруге мүмкіншілік бар. 9 инвестор емханалар салуға ниет танытып отыр. Шетінен өздерінің жұмыстарын бастап келеді. Бұл – екінші емхана.

 

Фото: liter.kz