22 наурыздан бастап тұрғындарға елорда аумағынан шығуға және кіруге толық шектеу қойылады

22 наурыздан бастап тұрғындарға елорда аумағынан шығуға және кіруге толық шектеу қойылады

Алдағы 22-ші наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындарға Нұр-Сұлтан қаласының аумағынан шығуға және кіруге толық шектеу қойылады. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында бас шаһар әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы 72 сағат авиа және темір жол қатынастары арқылы қаладан кетуге немесе елордаға келуге мүмкіндік беріліп отыр. Одан кейін шектеу күшіне енеді. 

«Кез келген көлік қатынастарының транзиттік тамысалдаулары Нұр-Сұлтан қаласы аумағына тоқтамай жүргізіледі, яғни жолаушылар пойыздары қала арқылы өтеді, бірақ тоқтамайды. Қала аумағын басып өтетін немесе азық-түлік тасымалдайтын көліктер арнайы жасыл дәлізбен ғана қатынайды», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен.

Оның айтуынша, аталған шарттардың орындалуы үшін бірқатар талаптар күшейтіледі. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін тәулік бойы қызмет ететін арнайы өңірлік жедел штабы құрылды. Карантин жағдайында қалалық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы іс-шаралар жоспары іске асуда.

«Қосымша азық-түлік тауарларын жеткізу мәселесі өңірлермен бірлесіп отырып шешілді. Қазіргі таңда халыққа ең бірінші қажетті әлеуметтік және тұтынушылық тауарлар қоры жеткілікті. Сауда үйлері мен қоймаларда артық көлемде қор жинақталған», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен.

Бахтияр Мәкен қатерлі індет жұқтырған науқастармен байланыста болған тұлғаларға арнайы карантинде жататын орындар кеңейтілгенін айтты. Сондай-ақ, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында бағаны реттеу және дәрігерлік, медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойылғанын жеткізді.

Фото: tengrinews.kz