Алматы мен Ташкент әлемдегі ең арзан қалалардың ондығына енді

Алматы мен Ташкент әлемдегі ең арзан қалалардың ондығына енді

Тұрғын үй бағасы, көлікпен жұру құны, азық-түлік пен киім-кешекке кететін шығындар. Осы көрсеткіштер бойынша Алматы мен Ташкент қалалары өмір сүру үшін аса қолайлы қалалар тізіміне енгізілді.

«Әлемдегі өмір сүру бағасы 2020» рейтингін The Economist Intelligence Unit халықаралық зерттеу орталығы жариялады. Талдауға сәйкес, Ташкент 132-ші орынға, ал Алматы бір саты жоғары орналасты. Зерттеу авторларының айтуынша, Орталық Азия елдерінің аталған шаһарларында азық-түлік өнімдерінің бағасы арзан. Сонымен бірге қызмет көрсету саласы да қымбат емес.

Ал әлемдегі ең қымбат қалалар тізімін бұрынғысынша Гонконг және Сингапур бастап тұр. Биыл оларға Жапонияның Осака қаласы қосылды.

 

Фото: kaktakto.com