Автобус тасымалына шектеу қойылды

Автобус тасымалына шектеу қойылды

Қазақстан Қытай, және Өзбекстан мен Монғолия арасындағы автобуспен жолаушы және жүк тасымалының тұрақты қатынауы тоқтатылды.

Сондай-ақ Ресей және Қырғызстанмен тұрақты микроавтобустық бағыттар екі есеге қысқартылды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі хабарлады.

Бұған қоса отандық тасымалдаушыларға Қазақстан мен Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Монғолия, Украина және Тәжікстан арасында тұрақты емес түрде жолаушылар тасымалымен айналысуға рұқсат беретін  бланктер беру тоқтатылды. Айта кетейік, бұл рұқсат қағаздары туристік және тапсырыстық бағыттарға арналған.

Сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуына тұсау салу мақсатында тұрақты және тұрақты емес автобустық және микроавтобустық транзит тоқтатылды. Алайда тиісті ведомствоның хабарлауынша, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Қазақстанға көлікпен азық-түлік және жүк тасымалдауға шектеу қойылмайды. Бұл екі жақты халықаралық транзиттік бағыттарға қатысты болмақ. Тасымалдаушылар белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік талаптарды қатаң сақтаулары тиіс.

Фото: news.mail.ru