Нұр-Сұлтан мен Алматыда блок-бекеттер қойылды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда блок-бекеттер қойылды

COVID-19-дың таралуына тосқауыл қою мақсатында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында блок бекеттер қойылады. Онда тәулік бойы Қорғаныс министрлігінің әскерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді. Жалпы, елордада 6 арнайы қадағалау бекеті қойылды. Сондай-ақ, азаматтар тарапынан туындаған мәселелерді қарап, шұғыл шаралар қабылдау үшін жедел штаб құрылды. Карантиндік режимді бұзуға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар қолға алынды.

Ал Алматыда қала бойынша 24 блок бекет жұмыс істейтін болады. Бұл нысандар қалаға кіреберістер мен 10 магистральды көшеде орналасады. Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың айтуынша, 22 наурызда барлық блок бекеттер жабылады. Барлық әуе және теміржол қатынастары тоқтатылады. Халықаралық рейстер уақытша шектеледі.

Фото: aikyn.kz