Төтенше жағдай кезінде қажетті телефон номерлері

Төтенше жағдай кезінде қажетті телефон номерлері

Төтенше жағдай барысында сұрақ туындады ма?  «Kazakh TV» арнасының тілшілері еліміздің басты шаһарларындағы ТЖ режимі мен кейінге қалдырылған рейстер жөнінде кеңес беретін қызметтер бойынша анықтамалық ұсынады. Сонымен:

1406 байланыс орталығының операторлары бойыңыздан немесе жақындарыңыздан күдікті ауру белгілері сезілген жағдайда қалай әрекет ету керек екендігі туралы айтып береді. Сондай-ақ, талдауларды қайда тапсыруға болатыны және елдегі короновирустың таралуына байланысты ағымдағы жағдай бойынша ақпарат ала аласыз.

Айта кетейік, тиісті ақпарат Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы да қолжетімді. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

103 – басыңыз ауырса, тұмау тисе, кеудеде ауыртпалық сезілсе, пневмония, безгек, қызудың көтерілуі, жүректің соғуы сияқты белгілер анықталған жағдайда дереу хабарласу керек.

+7 7172-27-91-12 – бұл номер бойынша шетелде жүрген Қазақстан азаматтарын қайтару туралы ақпарат алуға болады. «Қамқор» қоры азаматтардың өтінімдерін өзге елдерге шығар кезде туристерге берілген код бойынша тексереді.

+7 7172-64-58-41 номері бойынша қазақстандықтар кейінге қалдырылған және шектелген тұрақты рейстер бойынша мәлімет ала алады.

+7 727-254-40-07 Алматы қалалық полициясының байланыс орталығы. Сондай-ақ карантин туралы сұрақтарға жауап алуға болады.

Фото:mightycall.ru