Қазақстанда «оралман» сөзі «қандас» дегенге алмастырылады

Қазақстанда «оралман» ұғымы «қандас» дегенге алмастырылады. Мәжілісте осындай норма қарастырылған көші-қон процестерін жетілдіру мәселесі жөніндегі заң жобасы талқыланды. Айта кетейік, таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға қатысты «оралман» терминінен бас тартып, оның орнына «қандас» сөзін пайдалануды тапсырған болатын.

Сондай-ақ құжатта оралман мәртебесін ұзарту туралы мерзімдік шектеуді алып тастап, азаматтықты беруге қатысты шешім қабылдау уақытын қысқарту көзделіп отыр. Аталмыш заң жобасын мәжіліс депутаттары бірауыздан мақұлдады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: qandastar.kz