«Тұмар» телевизиялық байқауының шорт-листі жарияланды

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің «Шорт парағы» биыл байқаудан бір-екі күн бұрын жарияланды. Бәйгенің тарихында бірінші рет алдын ала жариялауда жөн санағандықтарын айтты. Биыл сайыста 10 номинация бойынша мықты анықталады. Оның тоғызында «Хабар» Агенттігі бағын сынайды. «Kazakh TV» арнасы «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік деректі фильм» және «Үздік режиссерлік жұмыс» сынды номинацияларда додаға түспек.

«Тұмар 2020-ның» тағы бір өзгешелігі, қазылар алқасының құрамында биыл Нью-Йорк фильм академиясының оқытушысы, ТЭФИ сыйлығының иегері, тележурналист Евгения Власова бар. Ол – жобаның тарихында алғаш сырттан шақырылған төреші.

Айта кетейік, бәйге жеңімпаздарына биыл 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілмек.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: inform.kz