Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары

Бүгінде Қазақстаннның қар басқан жалпы аумағы 54 пайызға азайды. Облыс, аудан орталықтары және елдімекендер қалың қардан арылып, 11 млн текше метрден астамы сыртқа шығарылды. Нәтижесінде, соңғы аптаның ішінде ылғал қоры айтарлықтай төмендеген. Қазір көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүріп жатыр. Бұл орайда оңтүстік өңірлерде қауіп жоқ. Ал Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында су тасқыны қаупі жоғары.

Бұл аймақтарда жердің әдеттегінен тез жібуі еріген қар мен мұз суының топыраққа сіңіп кетуіне мүмкіндік береді дейді, мамандар.  Қауырт маусымға қызу кіріскен арнайы топ өкілдері топан сумен күресуге дайын екендіктерін айтады.

ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Көктем-2020» оқыту жаттығу жұмыстарының барысында біз барлық жергілікті билік өкілдерінің дайындығын тексеріп, іс жүзінде көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды тағы бір пысықтап алдық. Қауыр маусымға Ішкі істер министрлігінің арнайы тобындағы 9 мыңнан астам адам мен 1700 бірліктен артық техника жұмылдырылады. Жағдайға байланысты оларды осы айдың соңынан бастап, қауіпті деген аймақтарға жөнелте бастаймыз.   

Фото: inform.kz