«Хабар» Агенттігі: Кадр сыртындағы әйелдер

Режиссерлік – нәзік жанды жасайтын жұмыс емес. Осыдан бірнеше он жыл бұрын бұл оймен көптеген адамдар келісетін еді. Алайда бүгінде қыз-келіншектер кинода да, телеарнада да, түсірілім алаңдарында да ең жауапты және батыл міндеттерді жиі орындайды. Баян Қызылова – «Ел Арна» телеарнасының аға режиссері. Ол «Хабар» Агенттігі құрылған 25 жылдан бері агенттік қабырғасында қызмет етіп келеді.

БАЯН ҚЫЗЫЛОВА, «ЕЛ АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҒА РЕЖИССЕРІ:

- «Хабар» Агенттігінің дамып, өркендеуіне әрине ұжымдағы әйелдер қауымының ықпалы тиді. Оны жасырудың керегі жоқ. 25 жыл ішінде көп нәрсе өзгерді. Қазір цифрландыру заманы. Біз көптеген өзгерістен өттік.

Баянның мойынында үлкен жауапкершілік жатқандығын атап өткен жөн. Себебі оның көзқарасы мен кәсібилігіне байланысты көрерменге эфирдегі бағдарламалар легі ұсынылады. Ол жұмыс күні ме, әлде мереке күні ме маңызды емес. Эфир сыртында өмір әрдайым қайнап жатады.

БАЯН ҚЫЗЫЛОВА, «ЕЛ АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҒА РЕЖИССЕРІ:

«Телеарна – бұл уақытқа бағынбайтын жұмыс орны. Әсіресе мереке күндері. Мысалы, басқалары демалса, біз керісінше жұмыс істейміз. Уақытқа, күнге қарамастан, егер жұмыс болса, мысалы ол тікелей эфир болуы мүмкін. Концерттер, спектакльдер, әр түрлі, қысқа метражды фильмдерді түсіріп, оны монтаждаймыз және эфирге береміз. Біздің кәсібіміз осындай. Халықтың көңілінен шығу үшін жұмыс істейміз.

Телеарнадағы жұмыс күш пен ерік-жігерді, сонымен қатар шыдамдылық пен жұмысқа 100 пайыз берілуді талап етеді. Бұл оймен «Kazakh TV» арнасының эфирлік қамтамасыз ету бөлімінің редакторы Әсия Байназарова келіседі. Ол өзін мысалға келтіре отырып, әйелдердің қолынан барлығы келетіндігін және өз кәсібін сүйетін адамға ештеңе кедергі келтірмейтіндігін айтады.

ӘСИЯ БАЙНАЗАРОВА, «KAZAKH TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЭФИРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ РЕДАКТОРЫ:

 - «Жұмысқа мерекеге келгендей келу». Тағы қалай айтатын еді? «Бізге ән айтқан өмір сүруге көмектеседі». Біз күнделікті жұмысқа барамыз. Не істейміз енді? Жұмыста өміріміздің жартысы өтіп жатыр. Жұмыс орнымыз біздің екінші үйіміз. Мұнда біз бір-бірімізді өте ерекше құттықтаймыз. Бізге жұмыста болған да ұнайды. Бұл жерде жүріп те үй, бала-шаға бәріне үлгереміз. Телеарнаға келген, телеарнада жұмыс істейтін адам, менің ойымша, өз жұмысынан тек ләззат алады.

Көптеген адамдардың арманы – миллиондаған телекөрермендер қарайтын танымал хабарлардың түсірілімінде болу. Алайда, осы минуттарда экранның арғы жағында білікті, білгір әйел адамдардың, аналардың отыратындығын ешкім біле бермейді. Олар өз жұмысын шынайы махаббатпен орындай отырып, көрермендерге мереке мен жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Фото: qazmedia.kz