«ALTYN OIMAQ» атты отандық дизайнерлер байқауы өтті

Ұлттық брендті танымал ету. Кәсіпкер әйелдерге арналған «ALTYN OIMAQ» жобасының көздеген мақсаты осы. Отандық дизайнерлер арасындағы байқау елімізде II рет өткізілуде. Айта кетейік, Қазақстанда жеке ісін дөңгелетіп отырған нәзік жандылар саны артып келеді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, республикамыз әлем бойынша жұмыс істейтін әйелдер санының үлесі бойынша екінші орында, үлес – 49%. Олар негізінен, сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес секторында еңбек етеді.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанованың айтуынша, былтыр Азия даму банкімен бірлесе әйелдер кәсіпкерлігі бойынша білім беру бағдарламалары іске қосылды. Еліміздің 11 өңірінде семинарлар ұйымдастырылды. 500-ден аса ауыл тұрғыны тәлім алды. Сонымен қатар электронды каталог әзірленді.

ЛӘЗЗАТ РАМАЗАНОВА, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесе отырып, қазақстандық әйелдер өткен жылы «Әйелдер бизнесіне арналған 100 идея» атты онлайн-каталог жасап шығарды. Онда әйелдер өз отбасыларынан аластамай, айналыса алатын бизнес түрлері шоғырландырылған. Демек, қоғамның белгілі бір бөлігі жұмыспен қамтылады.

Фото: www.lada.kz