«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» кітабының таныстырылымы

Жиырма мыңжылдықтың құпиясын арқау еткен еңбек. Елордада ғалым, қоғам қайраткері Рахман Алшанның жаңа кітабы жұртшылыққа таныстырылды. Тың еңбекке жер бетін апаттық жағдайға ұшыратқан метеоридтердің жойқын соққысы мен олардың әсерін анықтаған шетелдік ғалымдардың көпжылдық ізденістері енген. Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Рахман Алшанұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Біз біреудің тарихына таласпаймыз, бірақ өз тарихымызға ие болуымыз керек» деген ойы жаңа кітапты жазуға түрткі болғанын айтады. Қазақ және орыс тілдерінде 1000 данамен жарыққа шыққан туындыда «Авеста», «Энума Элиш» сияқты еңбектер өзгеше қырынан талданған.

РАХМАН АЛШАНҰЛЫ, ПРОФЕССОР:

 - Мен 2-3 сенсация аштым. Біріншіден, «Авестаны» қайта қарау, діни еңбек емес экологияның, апаттың тарихы ретінде. Екінші, мынау жүйелі түрде сенсация деп айтуыма болады.  Сириустің, Сүмбіленің жарғысын байланыстыру. Жастарға айтайын дегенім – зерттеңдер, қараңдар, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Әлі де болса ол бізге керек. Қазір қарасаңыздар түрлі апаттар болып жатыр ғой, боран болып жатыр, жер сілкінісі, су басып жатыр, өрт дегендей. Соның негізі қайда жатыр? Неге ондай болып жатыр дегенде, әлі де болса заңдылықтар толық игерілмей жатырмыз.

Фото: youtube.com