«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Индонезияда

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Индонезияның Сурабая қаласында. 1293 жылы Яваны жаулап алуға келген Құбылай ханның әскері өз жорығын дәл осы шаһардан бастаған. Сондықтан мұнда ұлы қаған әскерінің құрамында келген бабаларымызға қатысты бірталай жәдігер сақталған.

САПАР ЫСҚАҚОВ, «БАБАЛАР ІЗІМЕН» ҒЫЛЫМИ ЭКПСЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қалың қол келіп осында түсті. Мың кеме, 20 мың әскер. Олар тактикасы бойынша екіге бөлінді. Әскердің жартысы осы маңда қалды: атты әскерлер, жаяу әскерлер. Әскерлердің көбі 10 мыңдайы Сурабаяға барды. Осы жерге түскен жаяу әскер теңіздің жағасымен құрлық арқылы жүріп отырады.

Құбылай хан жорықты моңғол Ши би, қытайлық Гаоксин, ұйғырдан шыққан  Ихмишке тапсырады. Олар Яваға бірнеше тонна азық-түлік және қосымша 40 мың күміс ақша әкеледі. Сондықтан Тубан қаласындағы музейде моңғол жасағының құрамында келген бабаларымызға тән жәдігерлер көбірек сақталған.

РОГИ ФЕРМАН ФЕРДАУС, АРХЕОЛОГ,ТУБАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Музейде XIII ші ғасырға тән бірнеше жәдігер бар. Солардың бірі – зәкір. Ол шамамен 100 жыл бұрын осы жағалаудан табылды. Сондай-ақ су  астынан ыдыс-аяқ пен монеталар, қару жарақ шықты.

Фото: journey-assist.com