Минскте Ұлы Абайдың шығармашылығы таныстырылды

Минскте Ұлы Абайдың шығармашылығы таныстырылды

Беларусь астанасындағы халықаралық кітап жәрмеңкесіне Ұлы Абайдың шығармашылығы таныстырылды. Биыл оның туындылары ерекше назарда. Өйткені экспозицияда алғаш рет беларусь тіліне аударылған нұсқалары қойылды. Бұл – Микола Метлицкийдің еңбегі. Ол осы істі абыройлы атқарып, оқырман қауымның жоғары бағасын алды.   

АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Абайды оқи отырып, қажеттілігі ешқашан жойылмайтын құндылықтарды байқаймыз. Адамзаттық болмыс, тәрбие, білім, ғылым жайында айтқан ойлары әлі күнге өзекті. Ол тек қазақ халқына ғана емес, әлем үшін өшпестей із қалдырды.

ӘЛИХАН МҰСАТАЕВ, ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақ халқының мәдениетіне қызығушылық білдіретіндер көп. Біздің орталыққа еліміздің арнайы ән-шашуын іздеп келетіндер бар. Тақырыптық кеш ұйымдастыруымызды қалайды. Ал ақындардың кітаптарын арнайы тапсырыспен алдыртады.