1 наурыз – «Алғыс айту» күні

1 наурыз – елімізде тұрып жатқан барлық этнос бір-біріне алғысын жаудыратын күн. Әсіресе қиын-қыстау заманында жер аударып келген түрлі ұлт өкілдері шыдамдылық танытып, ерекше қонақжайлылығын көрсеткен қазақ жұртына алғыстарын білдіретін мереке. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы күнді «Алғыс айту» күні деп жайдан жай жарияламаған еді. 1 наурыз -  100 ден аса ұлт пен ұлыстың басын бірлік пен татулықта ұстап келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Ассамблея төрағасының орынбасары биылғы «Алғыс айту» мерекесінің ерекше тұстарын атап өтті.

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Әрбір айтулы күндердің өзінің маңызы болады. Ал «Алғыс айту» күнінің ерекшелігі – ол елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этностардың өзара бірлігі, ынтымағы, татулығы. Ал биылғы жылдың ерекшелігі – ол қазақ халқында бізге келген көрнекті ұлт өкілдерінің алғысы. Ол қазақша керемет жазған, қазақ әдебиетіне еңбегі сіңген Герольд Бельгер неміс жазушысының еңбегі. Осы сияқты үлкен тұлғаларға біз өзіміздің алғысымызды айтуымыз қажет.

«Алғыс айту» күні ресми түрде биыл 4 ші рет тойланады. Осы уақыт аралығында этнобірлестіктер түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

-  Этномәдени бірлестіктерін өздерінің қолдарымен жасалған заттар, ұлттық тағамдар, басқа да заттарды сатып, қаражат жинап, ДЦП ауруымен, онкология сырқатымен ауыратын балаларға, жастарға көмек ретінде ақшалай береміз. Алғыс – ол жай ғана сөз емес,  іспен көресетілуі тиіс.

НИКОЛАЙ ШЕПЕЛЮК, ПРЕДСЕДАТЕЛЬ АСТАНИНСКОГО ФИЛИАЛА РЕСПУБЛИКАНСКОГО СЛАВЯНСКОГО ДВИЖЕНИЯ «ЛАД»:

- Біздің тарихи отанымызда өкінішке орай мұндай мереке жоқ. Дегенмен, Қазақстанда бұл мейрамды үлкен масштабта тойлағандықтан, біздің көршілеріміз, ол Ресей федерациясы болсын, Қырғыстан не Кытай болсын, олар барлығын естіп, біліп, көреді. Біз де өз кезегімізде туған-туыстарымызға, достарымызға, серіктестерімізге бізде мұндай мереке тойланатындығын айтамыз.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен дәл осы күні еліміздің бірқатар өңірлерінде түрлі мәдени, ақпаратты және сазды бағдарламалар өтеді.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: otyrar.kz