Волонтерлардың «Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай» халықаралық дөңгелек үстелі

Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында Каспий маңындағы елдер волонтерлік қозғалыстардың күш-жігерін біріктіруге ниетті. Қазақстан мен Ресей сарапшылары Нұр-Сұлтанда өзара ықпалдастықтың қалай жүзеге асатындығын талқылады. «Каспий-Еуразия» Астрахань орталығының басшысы Ксения Тюренкованың айтуынша, Ресей көршілес республикалармен 2018 жылы өзіндегі Еріктілер жылы аясында өткізілген жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Сол кезде Ресейде еріктілер қозғалысын дамыту бойынша көшбасшылардың бірі Астрахань өңірі болды, онда ондаған бағдарлама іске қосылып, ал белсенділер саны 16 мыңнан астам адамға жеткен еді.

КСЕНИЯ ТЮРЕНКОВА, «КАСПИЙ-ЕУРАЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ/ РФ/:

 - 2020 жыл Қазақстан мен Әзербайжанда Еріктілер жылы деп жарияланды. Жалпы ізкесушілер мен әскери-патриоттық ұйымдар ерікті немесе волонтерлік ұйымдардың бір түрі. Ресей Федерациясының жастар қозғалыстары мен ізкесушілердің отрядтары қазақстандық әріптестерімен бірлесе іс-қимыл жасауға аса ынталы. Менің ойымша, аталарымыздың майдан жолдарымен жүріп, бірлесіп зерттеу жүргізу – ынтымақтастықтың бір жолы. Соғыс даласында көз жұмған сарбаздардың есімдерін анықтап, мәңгілік ету – біздің парызымыз. Ұлы Жеңіске жеткізген барлық адамдар үшін бұл өте маңызды.

Автор: Ақзер Сегізбаева 

Фото: zakon.kz