Елордада «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» кітабы таныстырылды

Ұлы даланы 3 ғасыр бойы билеген байырғы Түркі өркениетінің мұралары қамтылған шежірелі жинақ. Елордада «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» атты кітап көпшілікке таныстырылды. Бұл – филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының 5 жылдық еңбегінің жемісі. 3 томнан тұратын басылым Түркі дәуірінде 2 мың жыл бұрын тасқа қашалған көне суреттер мен жазыулардың қыр-сырын барынша ашады. Танымдық туындыда әлем түріктанушыларының ғасырдан астам уақыт бойы жүргізген зерттеулерінің қорытындылары мен көне дереккөздер пайдаланылған.

ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ, ПРОФЕССОР, КІТАП АВТОРЫ:

 - Орыс түркологиясының атасы Радлов деген кісі 4 үлкен ескерткіштің суретін бере отырып, транскрипциясын бермеген. 4 кітап шығарған, онда тек суреттер ғана. Осыдан кейін тұңғыш рет біздің мына кітабымыз шығып отыр. Кітаптың ерекшелігі – ескерткіштердің  тұрған жері, барлық сипаттамасы берілген. Маған дейін сипаттамасын бір де бір ғалым жасамаған. 120 жылдан кейін оның жаңа көшірмесін жасадық. 

Фото: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: e-history.kz