Солтүстік Қазақстан облысында құсбегілердің республикалық чемпионаты өтіп жатыр

Қансонарда бүркітші шығады аңға. Солтүстік Қазақстан облысында құсбегілердің республикалық чемпионаты өтіп жатыр. Оған еліміздің 13 өңірінен 50-ден астам саятшы қатысып жатыр.  Үш күндік сайыста қолға үйретілген құстардың бабы сыналады. Жарыс талаптары бойынша қатысушылар құстарды қолға қондырудан, ал бүркіттер еркін ұшудан сынға түседі. Сондай-ақ қырандарды қоян мен түлкіге салу өнері бағаланады.

САМҒАТ ҒАЛЫМ, ҚҰСБЕГІ:

 - Кешегі ата-бабамыздан қалған үлкен мұра. Ұлтымыздың құндылығы. Мұның өткені өте жақсы. Келешек ұрпақтар үшін бұл өте тамаша деп ойлаймын. Біздің қазақ ұлтымыздың ерекшелігі аспандағы тағыны жердегі тағымен алыстыру.

БАЗАРБЕК КҮНТУҒАНҰЛЫ, ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

-  Қазақстанның біршама облыстарында осы ұлттық спорт түрлерінің ішінде құсбегілік бөлімі ашылды. Өте жоғары деңгейде келе жатыр. Биыл Шығыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарында құсбегілік бөлімі ашылды.