«Қошқар ата» қоймасын көгалдандыру биыл да жалғасады

«Қошқар ата» қалдықтар қоймасының маңына сексеуіл егу биыл да жалғасады. Бұл жұмыстар Маңғыстау облысында соңғы 5 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мақсат – желді күндері қоймадан көтерілетін радиоактивті шаң-тозаңның елдімекендерге таралуын бәсеңдету. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 88 гектар жерге сексеуіл көшеттері егілді. Енді жуық арада 150 гектар аумаққа жасыл желекті отырғызу басталмақ.

ДҮЙСЕН ҚҰСПЕКОВ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2015 жылы ең алғашқы 8 гектар жерге егіп қарадық. Сексеуіл өте жақсы өсіп кетті. Содан кейін біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастырдық.  Биылғы жылдың басында тағы да қаражат бөлініп, ғылыми негіздеме жасау үшін конкурс жариялаған болатынбыз. Соған байланысты әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз.

Фото: mangystaumedia.kz