Каспий итбалықтарының тіршілігі ғалымдар назарында

Каспий итбалықтарының тіршілігі ғалымдар назарында

Каспий теңізіндегі итбалықтардың саны қанша? Қазақстан-Ресей ғалымдары осы сұрақтың жауабын анықтау мақсатында бірлескен жұмыстарды бастап кетті. Екі елдің ғылыми зерттеу жұмыстары барысында су жануарының саны ғана емес, тыныс тіршілігі, көбеюі басты назарға алынады. Мамандар Каспий итбалықтарын арнайы фото-бейнекамералардың көмегімен бақылайды.

Айта кетейік, 2012 жылғы есеп бойынша Каспий теңізінің қазақстандық секторында 100 мыңнан астам итбалық шоғырланған. Ал ресейлік мамандар 370 мыңға тарта теңіз мақұлығының есебін алыпты.

ФЕДОР КЛИМОВ, ҚАЗАҚСТАН  ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОЛОГИЯ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қоғамға нақты мәліметтерді ұсыну үшін итбалықтардың санын анықтауымыз керек. Кемелердің қауіпсіз қозғалысын жасау қажеттілігі туралы айтқанда, осы зерттеулер аясында міндетті түрде есеп жүргіземіз. Итбалықтардың бірде біреуі зардап шекпейтіндей оларды айналып өту үшін топтасқан жерлерді анықтаймыз. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша, Каспий итбалығының мекен ету ортасының кең екенін көрсете аламыз. Тіпті Бакуге дейін жеткен. Әсіресе Орта Каспийде.

Фото: kursiv.kz