Алматы: Тау туризмін дамыту

Тау туризмін таңдайтын туристер саны әлемде күрт артқан. Осы ретте Қазақстан саяхатшылар үшін ерекше тартымды. Олардың көбі Хан тәңірінің етегінде демалуды жөн көреді. 2018 жылы бұл мұнда жүзден аса жиһанкез келіп тынықса, өткен жылы бұл көрсеткіш екі есеге өскен. Туристер арасында кәсіби альпинистермен бірге, осы спорт түрімен айналысатын әуесқойлар да кездеседі.

Алматы облысындағы Райымбек ауданында қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 2 жылда 5 демалыс орны ашылған. Онда тынығушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған. Ендігі уақытта жерглікті билік «Ақбұлақ» биік таулы туристік базасында ілмекті арқан жолын қалпына келтіріп, этноауыл ашуды жоспарлап отыр.

НҰРБОЛ САҒАТБЕКҰЛЫ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Райымбек ауданына инвесторлар келіп, көптеген жерлерімізді көріп жатыр. Алдағы уақытта туристеріміз этноауылда қазақтың салт-дәстүрін көріп, демалатын болады. Ақкөл, Қаракөлдерге жаяу туризмді дамытуға, Хан тәңірінің жанындағы мраморлы қорғанға жол жасауға сметасын қарастырып жатырмыз.

БЕКБОЛАТ БІРЖАНОВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

 - Бұл адреналин ғой, керемет. Ауа қандай күшті.  Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оны тек тепкен адам ғана түсінеді.

Фото: kapital.kz