Қазақстанда қоғамға қызмет пәні енгізілді

Қазақстанда қоғамға қызмет пәні енгізілді

Стэнфорд және Гонконг университеттерінің тәжірибесіне сүйене отырып, елімізде алғаш рет волонтерлік қызмет кәсіби түрде оқытыла бастады. Ақтаудағы университетте «қоғамға қызмет» пәні енгізіліп, оқытыла бастады. Осы аралықта бір жарым мыңға жуық студент білім алып, жобаларын қорғап шықты. «Кедергісіз болашақ», «Жүректен жүрекке», «Бақытты балалық шақ» сынды акцияларға қатысып, жүздеген жанға қолұшын берді.

МІРЖАҚЫП БАҒДАТҰЛЫ, ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Қоғамдағы қайырымдылық идеяларын дәріптеу мақсатында, азаматтардың бастамаларын қолдау мақсатында және адамгершілік құндылықтарды қоғамға дәріптеу мақсатында Қазақстанда ЖОО арасында бірінші болып Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы жанынан қоғамға қызмет орталығы ашылған болатын. Қоғамға қызмет орталығы қазіргі таңда 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. 1-ші бағыты – әлеуметтік бағыт, одан кейін экологиялық бағыт және спорттық-медициналық, одан кейінгісі – этномәдени бағыт. Ең соңғы айтылған 4-ші бағытымыз осы жылы қосылған болатын.

Ақтаулық университеттің бастамасын қолдаған Білім және ғылым министрлігі бұл жаңашылдықты барлық ЖОО енгізуге ұсыныс берді.

БЕРІК АХМЕТОВ,  УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ:

 - Оны жәйден-жәй қарап емес, шетелдік университеттердің практикасына қарағанбыз. Атап айтатын болсақ, Станфорд университеті бар, Гонконгта бірнеше университеттер бар, өзіндік бір пән енгізу арқылы студенттерді трансформациялау процесін бастаған. Ол пәнді олар «Servise learning» деп атаған. Біз тәжірибе алмастық та, 2018 жылы «Қоғамға қызмет» деген жаңа пәнді енгізгенбіз.

Фото: turaninform.kz