Әлемде 1 млрд-тан астам адам волонтерлік қозғалысқа қатысады

Әлемде 1 млрд-тан астам адам волонтерлік қозғалысқа тартылған. Олардың басты міндеті – эпидемиялар, кедейлік, климаттың өзгеруі, сауатсыздық сынды адамзат үшін ең өзекті мәселелермен күресте көмектесу. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бағытта жаһандық даму бағдарламасын жүзеге асыруда. Бүгінде оған 6 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, Қазақстанда да волонтерлар қозғалысы жақсы дамыған. 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін, Азия ойындарын, Универсиаданы және ЭКСПО көрмесін өткізуге еріктілер белсене қатысты. Осы ретте алматылық волонтерлар өз білімдерімен және машықтарымен бөлісуге әрқашан да дайын. Олар 1 жылдан астам уақыттан бері мектеп оқушыларына ағылшын тілін меңгеруге қол ұшын созып жүр. Сабақтар балалар кітапханасында өтеді.

АСЕТ ДАНЬЯЛОВ, ВОЛОНТЁР:

 - Волонтерліктің өз қызығы бар, қиындықтары да жетерлік. Мұнымен айналысқысы келетіндер көп, бірақ кімге және қалай көмектесу керектігін білмей жатады. Өзім де сондай жағдайда болғанмын. Меніңше, әркім өз тәжірибесімен бөлісіп, осы қозғалысты, елімізді дамытуға күш салу керек.

Фото: volunteerhub.com