«Абайтану ғылымы және Қайым Мұхамедханов»

Ол – қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушы. Абайтануды іргелі ғылымға айналдыру жолында еңбек еткен ғалым. Семейдегі Абай мұражайын ұйымдастырушы. Елордада Қайым Мұхамедхановтың зерттеушілік қызметіне арналған дөңгелек үстел өтті. Оның Абай шығармаларының текстологиясына арналған жұмысы – ең  күрделі еңбегі. Бұл тектес зерттеу қазақ әдебиетінде жоқ, дейді ғалымдар. Қайым Мұхамедхановтың зерттеушілік қызметке бой ұруына әкесінің септігі көп болды, дейді олар.

ЗАҢҒАР КӘРІМХАН, ЕҰУ-НІҢ ДОКТОРАНТЫ:

 - Қайым Абайтануға қандай үлес қосса, түпкі негізінде оның әкесінің жиған байлығы, бай кітапханасы, әкесінің жомарттықпен жазғызып алған қазақ газеттерінің пайдасы, барлығы да Абайтану ғылымына көптеген үлес қосты. Мұхамбетханов Абай музейінің ең алғашқы директоры болған. 40-шы жылдары соғыстың кезінде, соғыстан кейінгі де Абай ауылының адамдары арасында жүріп, Абайдан қалған экспонаттарды жинап, мұралардың барлығын тиянақтап жинап, Семейдегі Абай музейін ұйымдастырған және оның басшысы ретінде тарихта қалған тұлға.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: zakon.kz