«Тұмар-2020» байқауына тіркеу басталды

«Тұмар-2020» байқауына тіркеу басталды

«Тұмар-2020» Ұлттық бәйгесіне тіркеу басталды. Жыл сайынғы байқау телевизия саласындағы үздіктерді анықтауға бағытталған. Өтінімдерді қабылдау tvtumar.kz сайтында 2-ші наурызға дейін жалғасады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен қолға алынған шара 10 аталым бойынша өтеді. Биылғы жүлденің ерекшелігі – қазылар алқасының құрамына отандық телевизия саласының майталмандарымен қоса, халықаралық сарапшылар да кіріп отыр.

Ұлттық бәйгеде «Хабар» Агенттігі де өзінің үздік жобаларын ұсынбақ. Жыл сайынғы «Тұмар» ұлттық сыйлығын табыстау салтанаты елордада 13 наурызда өтеді.

Фото: 24.kz