Жасанды интеллект ҰБТ барысын бақылайды

Бұдан былай Ұлттық бірыңғай тестілеуді жасанды интеллект бақылайды. Жүйе смартфон мен қағаз жазбаны яғни шпаргалка қолдануды, тіпті сынақты талапкердің өзі емес бөгде адамның тапсырып жатқанын автоматты түрде анықтай алады. Білім министрлігі жаңа технологияны биылдан бастап пилоттық жоба ретінде қолға алмақ. Ал цифрландыруға толықтай көшу 2021 жылы жүзеге асырылады. Сонда отандық оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуді қағаз жүзінде емес, электронды түрде тапсыратын болады.

ДИДАР СМАҒҰЛОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Бір тест тапсырушы – бір камера принципін компьтерлік тестілеуде енгізбекпіз. Бұл өкілдеріміздің іс-сапарлары бойынша шығындарды жоюға, сонымен қатар әрбір тест тапсырушыны толықтай бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде қолымызда кімнің қалай тапсырғаны туралы толық ақпарат бар, егер даулы мәселе туындайтын босла, біз оны дәлелдей аламыз.

Айта кетейік, биыл 169 тест тапсыру пунктінде онлайн-трансляциялау жүргізіледі. Жалпы, 2020 жылы 115 мың түлек Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмақ.

Фото: 24.kz