Қызылордада «Абай қазынасына саяхат» клубы құрылды

Абай тілі бәріне де түсінікті. Сыр өңірінде «Абай қазынасына саяхат» клубы құрылды. Оның жұмысына түрлі этнос өкілдері белсене араласуда.

Абайдың 200 өлеңі мен бір поэмасын, 10 қара сөзін жатқа білетін корей қызы Елена Пак түрлі байқауларда дараланған. Болашақта қазақ тілі маманы болуды қалайды. «Мақсатым – ұлы ақынның өлеңін жатқа айту ғана емес, оның асыл ойын қатарластарым арасында дәріптеу», - дейді Елена.

ЕЛЕНА ПАК,  СТУДЕНТ:

 - Абай өлеңдері негізінде мені терең мағыналы ойларымен, ойға түйерлік көптеген даналық сөздерімен қызықтырған болатын. Яғни жүрек, қайрат, ақылды бірдей ұста, сонда толық боласың, деген өлеңі де өскен сайын Абай өлеңдерін оқып, тұлға ретінде қалыптасуыма септігін тигізеді.

Түрлі этностардың өкілдері, түрлі мамандық иелері клуб қызметіне үлес қосуға ниет білдірген. Қатарға қосылуға ынта танытқандардың жас шамасына шектеу жоқ. Ең кішкентайлары Абай өлеңдерін ағылшынша аудармасын жатқа айтады.

Клуб ақын шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттап, тереңіне бойлау үшін түрлі зияткерлік ойын түріндегі басқосуларды ай сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: e-kyzylorda.gov.kz