Қазақ тілінде контент жасаушылар «QazForum-2020» форумында бас қосты

«QazForum-2020». Қазақ тілінде контент жасаушылардың бас қосуы. Аталмыш форум биыл 4-ші рет елорда төрінде өтуде. Жоба өз жұмысын кішігірім конференциядан бастаған, бүгінде үлкен алаңға айналып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, биылғы жоба бұрынғыдан өзгерек.

Биылғы форумға Қазақстанның түкпір-түкіпірнен 200-ден аса қатысушы келген. Ал өтінім бергендердің саны одан да көп. Форум жасаушылардың айтуынша, бұл қазақ тілді контентке деген қызығушылқтың артып келетіндігін дәлелдейді.

СӘКЕН БАЛБАЕВ, ҚАЗАҚТАН БАСПАСӨЗ КЛУБЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бүкіл Әлемде тек Қазақстанда ғана емес, технологиялық өзгерістер болып жатыр. Ақпаратты жеткізу тәсілдері дамуда. Ақпараттық желілер, әлеуметтік желілер. Тақырыптардың барлығы осы мәселеге байланысты. Ерекшелігі – бүгінгі 1-ші сессияға қатысып отырған журналистер белсенді қатысты. Бір-бірімен пікір таласты. Жай пікір Сол қуантып отыр.

АЙДОС САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:

– Қазақтың медиа нарығындағы дәстүрлі жиындардың біріне айналды. Бұл – тек қазақ тілінде өтетін, қазақ баспасөзіне арналған ізденетін, ой жүгіртетін, пікірді ортаға салатын үлкен алаң. Әріптестер пікір алмасады, өзінің ерекшеліктерін айтады. Лайфхактарымен бөліседі.

Сарапшылар, журналистер, блогерлер уақыт бүгінде ғаламторда қазақ тілді аудиторияның үстемдік алғанын атап көрсетті. Бұл сәйкес контентті монетизациялауға мүмкіндіктердің артқанын көрсетеді.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: baq.kz