Алматыда «Әл-Фараби ғылыми орталығы» ашылды

«Әл-Фараби ғылыми орталығы» Алматыдағы Ұлттық кітапханада ашылды. Енді бұл жерде сан саланың дамуына үлес қосқан энциклопедист ғалымның өмірі мен шығармашылығы, ғылыми қызметі терең зерттелетін болады. Ұлттық кітапханада бүгінде адамзаттың екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің еңбектері мен өмірі, шығармашылығы туралы 4 мыңнан астам зерттеулер мен шығармалар сақтаулы екен. Ал әл-Фарабидің өз еңбектерінің саны  мыңға жуықтайды дейді, кітапхана ұжымы. Ғылыми орталықтың ашылу салтанатында ғұлама еңбектерінің сандық нұсқалары таныстырылды.

БАҚЫТЖАМАЛ ОСПАНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Ұлттық кітапхананың қорында әл-Фарабидің түпнұсқалары жоқ. Бірақ біз үлкен жұмыс жүргіземіз, экспедиция ұйымдастырамыз, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз. Қай елдерде бар? Жұмыстарды жүргізіп, соларды өзімізге сандық түрге көшіріп аламыз. Біздің қорымызда да олар болады деп сенеміз біз.

ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІ, Р.Б.СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Сонау 1150 жыл бұрын Отырарда университеттер, медреселер жоқ, ал  Ислам діні жаңадан ғана келген еді. Соған қарамастан, Месопотамияға, Бағдатқа, Шам еліне ол ғылым, оқу іздеп барды. Тек араб тілін ғана емес, грек тілін үйреніп, қандай ғажап шығармалар қалдырды. Өлмес, өшпес шығармалар қалдырды.

Фото: almaty.tv