Стамбұлдағы апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Естеріңізге салайық, бүгін түріктің Ван елдімекенінде көшкін жүріп, 38 адам қаза тауып, 53-і жараланған болатын. Сондай-ақ  Ыстамбұлдың Сабиха Гөкчен әуежайындағы  ұшақ апатынан 3 азамат қаза тапқаны хабарланды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 179 жолаушы түрлі дәрежеде жарақат алған. Олардың қатарында Қазақстанның екі азаматы да бар. Бұл туралы еліміздің Сырты істер министрлігі хабарлады. Зардап шеккендер Фатих Султан Мехмет ауруханасына жеткізілді. Қазір жерлестерімізге Стамбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Фото: rfi.fr