Қызылордада «адвокация» кабинеті өз жұмысын бастады

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық-насихат, «адвокация» кабинеті өз жұмысын бастады. Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес бес қоғамдық ұйымның өкілдері осындай тегін қызмет көрсететін болады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық мәселелер бойынша кеңес, мемлекеттік қызмет, әлеуметтік жеңілдіктер, жұмысқа орналасу, компьютерлік дағдылар бойынша ақпарат берілетін болады.

Сондай-ақ жыл көлемінде Қызылордадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында бір топ ерікті оларға жәрдемдесуге ниет білдіріп отыр. Әзірге бұл жоба қала орталығында ғана қолжетімді. Дегенмен қоғамдық ұйым өкілдері алдағы уақытта барлық аудандарда жүзеге асыруды көздеп отыр.

ОЛЬГА ЧЕБАКОВА, «ҚЫЗЫЛОРДА ВОЛОНТЕРЛЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл шараларға бірнеше қоғамдық ұйым атсалысады. Олардың бірі қолжетімді орта қалыптастыру мәселелерімен айналысса, екіншісі мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық кеңестер мен оқу курстарын ұйымдастырады. Азаматтарға арналған үкімет орталығынан ашылған кабинет күн сайын таңертең сағат 9-да ашылып, 4 сағат қызмет көрсетеді.

Фото: kzvesti.kz