«Құнанбай» кітабының таныстырылымы өтті

Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын. Әрине Абайдың тұлға ретінде қалыптасуында әке ролі ерекше. Сондықтан Құнанбай туралы деректерді көбейту, мағлұматты молайту орынды жағдай. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Ұлттық ғылыми академиясының академигі Ерлан Сыдықов көркем ғұмырбаяндық еңбегін көпшілікке ұсынды. Басылым ұлт және руханият тарихында үлкен орны бар қазақ тұлғасы жайында тың деректерге толы.

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, АВТОР:

«Шәкәрім» тарихи биографиясын жазған едім. Қазір «Шәкәрім» кітабы 6 тілге аударылды. Егер де «Шәкәрім» кітабының ғұмыры ұзақ болып жатса, ары қарай бұны неге дамытпасқа деген ой келіп, «Құнанбайды» қолға алған едім. Өйткені материал жеткілікті болды. Оның үстіне биыл Абай жылына қозғау күшті болды. Жинақтап терген материалдарымды пайдаландым, оның үстіне мен – кәсіби тарихшымын. Кітапты жазып, таяуда Мәскеуден баспадан шыққаны қуанышқа бөлеп отыр.

СЕРІК НЕГИМОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

- «Құнанбай» кітабын оқыған кезде, Құнанбайдың өмірі, заманы, Құнанбайдың ата-тегі, ұрпақтары, қазақ халқына істеген жақсылықтары, балларына берген тәрбиесі барлығы көрінеді. Тіпті өзінің ұлы Халиолланы оқытты ғой. Жүйрік болатын. Абайдың өзін тәрбиеледі. Мәселен, Абай 3,5 жылдай ғана медіреседе оқыды. Жарты ақ жыл орыс мектебінде білім алды. Абайды 14 жасынан бастап елдің шаруасына жегуі, Абайдың данышпан, ойшыл болуы әкесі Құнанбайдың арқасы.

Фото: inform.kz