Абай өлеңдері парсы тілінде

Абай өлеңдері парсы тілінде. Гаухар Омарханова 10 жылдан бері ирандықтарды ұлы ақынның туындыларымен таныстырып келеді. Жерлесіміздің айтуынша, оның жұмысындағы ең бастысы және ең маңыздысы – Абай өлеңдеріне дұрыс аударманы таңдау. Ол классик шығармаларының бастапқы мағынасын бұзбай, сол қалпы сақтауға тырысады. Тіпті әдеби орамдарын да өзгеріссіз жеткізуге жан салады.

ГАУХАР ОМАРХАНОВА, АУДАРМАШЫ:

 - Біз елімізді ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы таныстырып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Маған оның өлеңдері мен қара сөздері қатты ұнайды. Сондықтан Иранда әр тілде жарық көрген ақынның барлық шығармаларын жинап келемін.

Гаухар Тегерандағы кітап жәрмеңкелерін қалт жібергеуге тырысады және онда міндетті түрде Абай шығармаларын ұсынады. Осылайша ол Таяу Шығыста қазақ әдебиеті мен мәдениетін таныстырып жүр. Жергілікті медиахолдингтің бірінде жұмыс істейтін жерлесіміз ирандықтарды еліміздің мәдениетімен телеарна мен радио арқылы да таныстыруда. Алдағы уақытта Гауһар Абайдың жеке кітапханасын жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді ете түсуді ойластыруда.

ГАУХАР ОМАРХАНОВА, АУДАРМАШЫ:

 - Кітапханамда  парсы тіліне аударылған Абай жолы мен қазақ тіліндегі нұсқасы бар. Бұдан бөлек ақынның парсы тілімен ағылшын тіліне аударылған өлеңдері бар.

Аудармашы ұлы ақынның шығармалары парсы тіліне ғана емес, орыс және ағылшын тілдеріне де аударумен айналысады.

Фото: spectr.com.kz