Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ынтымақтастық

Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ынтымақтастық артып келеді. Теңіз жағалауы елдері мамандарының осы бағытта жұмылуының арқасында нақты әрі ұзақ мерзімді болжамдар жасауға мүмкіндік туып отыр. Әріптестік нәтижесінде алғаш рет деңгейінің 30 жылға дейінгі өзгеруін саралайтын зерттеулер жүргізілуде. Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы келісім 2015 жылы мақұлдағанын айта кеткен жөн. Содан бері құжат аясында бестік бірқатар ортақ жобаны қолға алды. Мақсат – Каспийдің  экожүйесін жақсартып, деңгейін сақтау. Сондай-ақ теңіздің тылсым мінез танытатын кездерін дәл болжап, төтенше жағдайлардың алдын алу, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

ИВКИНА, КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУЛЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Каспий теңізінің үйлестіру комитетінің аясында біз гидрометеорологиялық көрсеткіштердің ерекше тәртіптегі тізімдемелерін жасаймыз. Алғаш рет Каспий теңізі деңгейінің ауысыуына қатысты бас каталог құрылды. Сондай-ақ судың беткі тұсы мен ауаның температурасын, теңіз суының құрамы және тұздылығының мөлшерін көрсететін, ағынын өлшейтін арнайы тізімдемелер жасалды. Каспий теңізіне қатысты алынған бұл мәліметтер ондағы гидрометеорологиялық көрсеткіштерді жылдам әрі нақты болжауға, төтенже жағдайлар мен қауіпті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: mir24.tv