Берлин кітапханасы Абай шығармаларымен толықты

Германияның ең ірі Берлин мемлекеттік кітапханасы Абай Құнанбаевтың шығармаларымен толықты. Оның ішінде ақынның шағатай тілінде жазылған алғашқы өлеңдер жинағы бар. Бұл – бірегей туынды 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында басылып шығарылған. Бұдан бөлек, Берлин кітапханасына ұлы ақынның өзге тілдерде жарық көрген электронды нұсқадағы туындылары мен қара сөздері табыс етілді. Қазақстан делегациясы неміс әріптестерімен Абайдың туғанына 175 жыл толу мерейтойына орай бірлескен жобалар мен өзге де шаралар өткізуді талқылады. Және де Еуропада Абай мұраларын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

ШӘРБАНУ ДІНАСЫЛОВА, А.С. ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Елшілікте өткен дөңгелек үстелде қаншама әдемі ойлар айтылды. Осы елшіліктің төңірегінде Абайдың ескерткіштерін орналастыру, елші мырза Дәурен Айтбайұлының айтуы бойынша, Абай өлеңдерін неміс тілдеріне аудару – бұл заңды құбылыс. Өйткені немістің ұлы ақыны әрі композиторы Гетені алғаш қазақ даласына жеткізген – бұл біздің Абай.

КРИСТОФ РАУХ, БЕРЛИН МЕМЛЕКЕТТІК КІТАПХАНАСЫ ШЫҒЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Бұл – Германиядағы ең үлкен кітапхана. Мұнда неміс тілімен қатар, өзге де тілдерде жарық көрген туындылар көп. Енді қорымыз қазақ авторларының шығармаларымен толыққанына қуаныштымыз. Қазақстаннан делегация келіп, Абай шығармашылығымен таныстырғанына алғыс білдіреміз.

Фото: Хабар 24