Вашингтондағы Қазақ диаспорасы Абай оқуларын өткізді

Вашингтондағы қазақ диаспорасы Абай оқуларын өткізді. Туған жерінен алшақта жүргенімен, отандастарымыз өз дәстүрлері мен мәдениетін ұмытқан емес. Осындай әрбір кездесу келушілерді шабыттандырып, отанымен байланысын нығайта түседі, дейді олар. Жерлестеріміз Қазақстаннан әкелген Абай шығармаларының жинақтарын мұқият сақтайды. Айтуларынша, «Абайдың Қара сөздері» бала тәрбиелеу, адамгершілік және өнегелікке үйретеді. Тіпті әлем жастары үшін өзекті.

РОЗЛАНА АЛТЫНБЕК, ВАШИНГТОН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

   Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

   Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

   Басқан жері сықырлап келіп қалды».

 

ЕРҚАНАТ ТАСЫБАЕВ, ВАШИНГТОН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Әсемпаз болма әрнеге,

   Өнерпаз болсаң, әрқалан.

   Сен де – бір кірпіш дүниеге,

   Кетігін тап та, бар, қалан»!

 

Фото: Хабар 24