Ұлы Абайдың ақындықтан басқа, әкімшілік қызметтік жолы зерттеледі

Абайдың әкімшілік қызметтік жолы толықтай сараланатын болады. Ақынның бұл қыры көпшілікке беймәлім, дейді ғалымдар. Оның Семей жеріндегі Қоңыр Көкше елді мекеніне болыс болғаны белгілі. Сол кезде Ресей губернаторларына жазған хаттары Омбы және Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы. Алдағы уақытта осы тарихи жазбаларды ел ғалымдары зерттеуге кіріседі.

Жақында ғана Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтында ұлы тұлғаның әлемін ашуға қатысты 15 ірі жоба қолға алынды. Олар Абайдың тұлғасы, өмірбаяны мен тарихи кезеңі, философиялық ой толғауларының топтамасы және жалпы  шығармашылығы бойынша әдеби зерттеулер деген 3 бағытта жүргізіледі.

ЖАНБОТА ҚӘРІПБАЕВ, «АБАЙ АКАДЕМИЯСЫ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТЕУ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Абай тестологиясы бүгінгі күнге дейін бір ізге түсірілген жоқ. Әлі күнге дейін даулы, әліде шешімін табуы керек мәселелер баршылық. Өз деңгейімізде Абай мұрасын ашуға, болашақ ұрпақтарға Абай мұрасын жеткізу үшін осындай үлес қоспақ ойымыз бар. Республикаға жалпы халықаралық деңгейде танымалдылыққа ие ғалымдар жұмылдырылып отыр. Оның ішінде біздің әріптестік орнатқан Түркия, Татарстан тағы да басқа елдердің Абай шығармашылығымен айналысатын ғалымдарда сол санаттан табылатын болады.