Қытайлық дәрігерлер: Коронавирус инкубация кезеңінде де жұқпалы

Қытайлық дәрігерлер вирустың адамнан адамға жұғу мүмкіндігі жоғарылағанын анықтады. Коронавирустың жаңа түрі, індетті жұқтырған адамнан белгілері танылмай тұрып, яғни инкубация кезеңінде де жұқпалы болады. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының өкілдері Бейжіңдегі баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады. Осыған орай медицина қызметкерлері бұл карантиндік шаралардың орындалуын қиындатады деп дабыл қағуда.

ХЭ ЦИНХУА, АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОР:

 - Қазіргі уақытта эпидемияның алдын алу және оған қарсы күрес жұмыстары маңызды болып табылады. Жергілікті деңгейде қызметкерлерді жұмылдыру мүмкіндіктерін толығымен пайдалану қажет. Осы мақсатта бар күшімізді салып отырмыз. Тұрақты топтық бақылау мен алдын-алу жұмыстрының арқасында індетке қарсы шаралар тиімді жүзеге асырылуы мүмкін.

Фото: iz.ru